Видео Инстаграмда zello_atyrau тобында жарияланды.
Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов апаттың орын алғанын растады.«Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Орал-Атырау автожолының 208-210-шақырымында Mercedes жеңіл көлігі мен "ГАЗель" машинасы соқтығысты. Соққы салдарынан екі көлік те отқа оранды. Екі жүргізуші мен Mercedes-те болған үш жолаушы қаза болды», — деп анықтады Руслан Иманқұлов.
Оқиға орнына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, өрт сөндіру құрамы және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Трассалық медициналық-құтқару бекетінің дәрігерлері шықты.