БҚО-да журналистер арасында тұңғыш рет «Қанатты қалам» сыйлығына байқау жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да журналистер арасында тұңғыш рет «Қанатты қалам» сыйлығына байқау жарияланды

БҚО-да журналистер арасында тұңғыш рет «Қанатты қалам» сыйлығына байқау жарияланды

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына және журналистердің алда келе жатқан кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов тұңғыш рет журналистер арасында «Қанатты қалам» сыйлығына байқау жариялап отыр.

  • 9 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Кәсіби шеберлігі үшін», «Біздің қала», «Біздің ауыл», «Дәулет», «Шапағат», «Нысана» атты алты аталымнан тұратын байқаудың негізінде үздік журналистер, операторлар, фототілшілер таңдалынып, аталмыш аталымдардың иесі атанбақ.

Облыс көлемінде тұңғыш рет өткізілгелі тұрған арнайы сыйлықты табыстауға арналған байқау қалам ұстаған ағайындардың шабыттарына тың екпін қосары анық.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, «Қанатты қалам» байқауы — ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өңірде бірінші рет ұйымдастырылуда. Облыстық комиссияның қарауына сыйлық үміткерлерін телерадио компаниялары, газет және журналдар редакциялары ұсынады. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылдың 15 маусымына дейін эфирден өткен және газет-журналдарға жарияланған әр түрлі жанрдағы (очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиялық және радио хабарлар, әлеуметтік зерттеулер) материалдар қабылданады.

Бұл байқау — облыс әкімшілігінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің облыстың тыныс-тіршілігін халықққа жеткізудегі тынымсыз еңбегіне селқос қарамайтындығының айқын көрінісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өзіне ұнаған мақалаларды, телесюжеттерді талқылап, авторлармен хабарласып, өз пікірін білдіріп тұратынын біреу білсе, біреу біле бермес. Сын материалдарға да өз көзқарасын жеткізіп, халықтың қажетті ақпаратпен дер кезінде құлақтануын жіті назарда ұстап отырады. Сондықтан «Қанатты қалам» байқауы — журналистердің екінші тынысын ашып, қанаттандыратын игі бастама.

Соңғы жаңалықтар