Жарияланды: 370

БҚО-да жылыжайлар көктемде-ақ өнім беруде

БҚО-да жылыжайлар көктемде-ақ өнім беруде. Соның бірі Шыңғырлау ауданы орталығында орналасқан.

Өткен жылдың басында пайдалануға берілген жылыжайдың жалпы аумағы - 360 шаршы метр. «Шыңғырлаукомтехсервис» кәсіпорнының бас инженері Нарислам Сағынбаевтың айтуынша, Қытайда жасалған құрал-жабдық орнатылған жылыжайдан өткен жылы 7 тонна өнім алынған. Онда негізінен қияр өсірілуде. Өткен жылы голландтық тұқымнан өнім алынса, биыл жылыжайға арналған тұқым егілген. Наурызда себілген тұқым мамыр айының басында өнім бере бастады. Әзірге тәулігіне 50-60 киләдан өнім жиналуда. Өнім мектеп пен балабақша асханаларына жіберіліп, артығы тұрғындарға сатылуда. Өңірде осындай жылыжайларды ашудағы мақсат - халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін