Өткен жылдың басында пайдалануға берілген жылыжайдың жалпы аумағы — 360 шаршы метр. «Шыңғырлаукомтехсервис» кәсіпорнының бас инженері Нарислам Сағынбаевтың айтуынша, Қытайда жасалған құрал-жабдық орнатылған жылыжайдан өткен жылы 7 тонна өнім алынған. Онда негізінен қияр өсірілуде. Өткен жылы голландтық тұқымнан өнім алынса, биыл жылыжайға арналған тұқым егілген. Наурызда себілген тұқым мамыр айының басында өнім бере бастады. Әзірге тәулігіне 50-60 киләдан өнім жиналуда. Өнім мектеп пен балабақша асханаларына жіберіліп, артығы тұрғындарға сатылуда.
Өңірде осындай жылыжайларды ашудағы мақсат — халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету.