Жарияланды: 560

БҚО-дағы ақбөкендердің жаппай қырылу себебі анықталды

БҚО-дағы ақбөкендердің жаппай қырылу себебі анықталды

«Облыстық ветеринарлық зертханадан №520-524 сараптама актісі алынды және қорытынды берілді», - делінген бүгін таратылған ведомствоның ақпаратында. Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің қырылуына

пастереллез себеп болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. Естеріңізге сала кетейік, кеше Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов соңғы деректер бойынша 360 ақбөкен аналығының және 82 лағының өлексесі табылғандығын жария еткен еді. «Қазіргі уақытта бізде пастереллез ауруы болуы мүмкін деген ой қалыптасты. Дегенмен флорадан, яғни шөптен де улану ықтималдығы жоғары», - деді ол. Қазіргі уақытта киіктердің қырылуына не себеп болғандығын қазақстандық-ресейлік ғалымдар зерттеп жатқандығын айтқан әкім: «Біз зертханалық зерттеу арқылы себебін анықтағымыз келеді. Өткен жылы пастереллез себеп болғандығын дәлелдеген еді. Ағымдағы жылы да алғашқы зерттеу жұмыстары пастереллездің себеп болғандығын нақтылайды. Дегенмен барлық белгілер улануға да ұқсайды», - деп атап көрсеткен болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть