бұл өткен жылғыдан 1,3 пайызға артық.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы құрылыс саласында — 152,8 мың теңге, бұл облыстық орташа көрсеткіштен 1,9 есеге көп. Сондай-ақ өнеркәсіпте — 129,7 мың теңге (1,6 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде 104,3 мың теңгеге (1,3 есе) жеткен. Ең төменгі жалақы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында, мұнда облыстық көрсеткіштің 47,7 пайызына тең.
Қарашығанақ кеніші орналасқан Бөрлі ауданында орташа жалақы 182,5 мың теңгеден айналып отыр, бұл облыстық көрсеткіштен 2,3 есеге жоғары.