Жарияланды: 340

Б.Құдасбаева «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқа төрағасының орынбасары қызметіне сайланды

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің 20012 жылғы 19 қарашадағы шешімімен Бақыт Ескендірқызы Құдасбаева қордың басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарлады.

Б.Құдасбаева Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «экономист-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Целиноград облысында аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы болып бастаған. 1994-2009 жылдары банк саласында жұмыс істеді - «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ аудандық филиалының басқарушысы, Солтүстік Қазақстан облыстық филиал директорының орынбасары, «АТФ Банкі» АҚ облыстық филиалының басқарма бастығы, директорының орынбасары, «Альянс Банк» АҚ Астана қалалық филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап «ҚазАгро» холдингінде жұмыс жасады - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ департамент директорының орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры - басқарма мүшесі болды. «ҚазАгроӨнім» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін компания. Негізгі мақсаты - тиімді шағын несиелендіру жүйесін дамыту арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады. 2005 жылдан бастап Қор ауыл тұрғындарын шағын несиелеуді жүзеге асырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін