Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Браконьерлер табиғат байлығы — киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек", — деп жазды президент.
Браконьерлер табиғат байлығы — киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 27, 2019