Жарияланды: 440

Бразилия Қазақстанмен сауда және ауыл шаруашылығы салаларындағы әріптестікті дамытуға мүдделі

Бразилия Қазақстанмен арадағы әріптестікті сауда және ауыл шаруашылығы салаларында дамытуға мүдделі.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесу барысында Бразилия Федеративті Республикасының сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Мария Эдилеуза Фонтонелло Реиc мәлім етті. «Біз Қазақстан мен Бразилия арасында сауда және ауыл шаруашылығы салаларында әріптестікті дамытуға мүдделіміз. Қазақстан осы орайда, Бразилияда ауыл шаруашылығы саласында ықпалдастықтың дамуын реттейтін өз миссиясын ұсынады деген ниеттеміз», - деді Бразилия сыртқы саясат ведомствосының өкілі. «2009 жылы жіберілген қазақстандық миссияның Бразилиядағы жұмысын ерекше атап өткім келеді. Аталған миссияны өткізгеннен кейін, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Алдағы жылдары қазақстандық тарап өзара серіктестіктің тың бағыттарын салатын осы сынды миссия жіберетіндігіне үміт артамыз», - деп нақтылады ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін