Ішінде 22 жолаушысы бар қоғамдық көлік теміржол үстіне үш метрлік биіктіктен құлаған. Абырой болғанда машинист пойыздың тежегішін дер кезінде басып үлгеріпті. «Егер ол тоқтамағанда, автобустағы жолаушылардың барлығы қаза табар еді» — дейді мамандар. Автобуста болған 15 адам ауыр жараланған. Ал қоғамдық көліктің апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталуда. Жолаушылардың айтуынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты асырған.