Бразилияда жолаушылар автобусы пойызға соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилияда жолаушылар автобусы пойызға соғылды

Бразилияда жолаушылар автобусы пойызға соғылды

Бразилияда жолаушылар автобусы көпірден теміржолға құлап, үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойызға соғылды. Оқиға елдің Сан-Паулу штатында орын алған.

  • 11 Маусым 2011
  • 355
Фото - Caravan.kz


Ішінде 22 жолаушысы бар қоғамдық көлік теміржол үстіне  үш метрлік биіктіктен құлаған. Абырой болғанда машинист пойыздың тежегішін дер кезінде басып үлгеріпті. «Егер ол тоқтамағанда, автобустағы жолаушылардың барлығы қаза табар еді» — дейді мамандар. Автобуста болған 15 адам ауыр жараланған. Ал қоғамдық көліктің апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталуда. Жолаушылардың айтуынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты асырған. 

Соңғы жаңалықтар