Бразилиядағы Халықаралық футбол академиясына қазақстандық жасөспрімдердің екінші тобы аттанбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилиядағы Халықаралық футбол академиясына қазақстандық жасөспрімдердің екінші тобы аттанбақ

Бразилиядағы Халықаралық футбол академиясына қазақстандық жасөспрімдердің екінші тобы аттанбақ

Алматыда 2 наурыз күні 15 жастағы 26 аяқдопшы Бразилияның «Оле Бразил Клаб» футбол клубының Халықаралық футбол академиясына оқуға аттанады.

  • 1 Наурыз 2012
  • 456
Фото - Caravan.kz

Олар 9 ай бойы аяқдоптың қыр-сырын меңгеретін болады. Одан кейін Қазақстанда 3 айлық жазғы демалысты өткізіп, Бразилияда қайта сапар шегеді. Онда 3 жыл бойы дайындықтан өткен соң олар кәсіби футболшы ретінде елге оралатын болады.

Мәселен Бразилияның Халықаралық футбол академиясында тәлім алған алғашқы топтағы 1995 жылы туған қазақстандық жасөсірімдер 3 жылдық бұл оқу орнын өткен жылы аяқтаған болатын. Олардың арасынан Рауан Сариев пен Берік Шайхов «Оле Бразил» клубының жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті. Бүгінгі таңда Рауан «Алтетико Манейро» клубында өнер көрсетуде. Ал 15 ойыншы Қазақстан чемпионатында Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген «Астана-64» командасында ойнап жүрсе, өзгелері бұл күнде «Атырау,» «Ақжайық», «Ақтөбе» футбол клубтарымен келісім-шарт жасасты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера