Жарияланды: 470

Бразилиялық EMBRAER компаниясы Қазақстанда өз ұшақтарына қызмет көрсететін орталық ашуға ниетті

Бразилиялық EMBRAER компаниясы Қазақстанда өз ұшақтарына қызмет көрсететін орталық ашуға ниетті. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Латын Америкасына сапары нәтижесінде осындай қорытынды жасалған. Сапар барысында Р.Жошыбаев Бразилия сыртқы байланыс министрі Хадил да Роча Вианнамен келіссөздер өткізген. «Қабылдаушы тарап бразилиялық капиталдың Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына қатысуына мүдделік танытатындығын қуаттады. Осыған орай EMBRAER компаниясы болашақта өз ұшақтарына қызмет көрсететін орталықты Қазақстанда ашуға ниетті. Сондай-ақ бразилиялық тарап зымыран-ғарыш бағдарламасын дамыту саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр», - деді І.Омаров.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін