Бразилиялық ММА шеберінің бас сүйегі сынды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилиялық ММА шеберінің бас сүйегі сынды

Бразилиялық ММА шеберінің бас сүйегі сынды

38 жастағы бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Евангелиста Сантос Bellator 158 турнирында ауыр жарақат алды, деп хабарлайды отандық басылым, Sovsport.ru сайтына сілтеме жасап. Сантос, 29 жастағы британдық Майкл Пэйдждің тіземен басына соққы жасағаннан кейін нокаут алған.

  • 19 Шiлде 2016
  • 435
Фото - Caravan.kz

Бразилиялықтың бұрыңғы әйелі, жартылай жеңіл салмақтың чемпионы Крис "Киборг" Жустино әлеуметтік желіге күйеуінің суретін жариялап, демеушілер мен жанкүйерлерден көмек сұраған.

"Ол үшін сыныңыздар. Оған әлі ота жасалмады. Дәрігерлер оның миында көп сұйықтық жиналып, мидың зақымдануынан қорып отыр. Өтінемін, қолдау көрсетіңіздер!" — деп жазды Жустино.

Сонымен қатар, турнирдегі қарсыласы Майкл Пейдж де спортшыға қолдау білдірді.

"Өтінемін, сіздердің мен секілді оның емделуіне ақша аударуларыңызды сұраймын", — деп жазды Пейдж Твиттерде.


Айта кетейік, MMAnews басылымының хабарлауынша Bellator президенті Скотт Кокер, промоушен оның еміне керек қаражатты төлеп қана қоймай, оған жеңіліске ұшырағанына қарамастан, жеңіс үшін берілетін бонуыстық төлемнің де берілетінін айтқан.