Айта кетейік, команда құрамын негізінен Бразилияның «Оле Бразил/Ботафого» футбол академиясында екі жыл жаттығып келген футболшылар құрайды.
«Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының аға бапкері, танымал ресейлік маман Михаил Соловьев «Бәйтерек» (Астана) футбол клубының бас бапкері қызметіне келді», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Бразилияның бірлескен жобасы 2009 жылы бастау алған болатын. Қазақстанның жас өрендерінің бірінші легі Сан-Паулуда «Оле Бразил Клаб» академиясында екі жыл жаттығып қайтқан болатын.
Қазақ футболшыларының екінші тобы 2012 жылы наурызда кетті.