Брест қаласында Ләйла Ахметованың оқу құралының таныстырылымы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брест қаласында Ләйла Ахметованың оқу құралының таныстырылымы өтеді

Брест қаласында Ләйла Ахметованың оқу құралының таныстырылымы өтеді

Бүгін, 28 маусымда «Брест батыр-қамалы» мемориалдық кешенінің мәжіліс залында «Қаһарлы 1941 жыл. Тарихшылардың ой-толғауы» кітабының таныстырылымы өтеді.

  • 28 Маусым 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Құрметті консулдығынан хабарлады.

Кітап авторлары — ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, тарихшы және журналист, қоғам қайраткері, профессор Ләйла Ахметова және ол кісінің ұстазы, ХХ ғасырдың тарихына арналған көптеген оқулықтардың авторы, ҚазМУ түлегі, профессор Владислав Григорьев.

«Қаһарлы 1941. Тарихшылардың ой-толғауы» кітабына Ресей, Қазақстан, Германия мұрағаттарынан жуырда табылған деректерге, ХХ және ХХІ ғасырлардағы кітаптарға, кеңес және неміс командирлерінің естеліктері мен күнделіктеріне, соғыс қатысушыларының әңгімелеріне жасалған талдаулар енді. Ұлы Отан соғысының ең сұрапыл кезеңі — оның алғашқы жылдары жіті зерделенді. Тарихшылар өздерінің назарларын сол уақыттағы басты деген 15 мәселеге аударды. Солардың ішінде соғыстың басталуы, қызыл әскерилердің шайқасы және тылдағы еңбек, қайта шегінуге мәжбүр болған, жеңіліске ұшыраған күндердің күйініші және Мәскеуді қорғау тақырыптары бар.

Соңғы жаңалықтар