Боксшы шын мәнінде оқиғаның қалай өрбігенін «Астарлы ақиқат» ток-шоуында айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Бір ресейлік танымал топ концерт өткізіп жатты. Оған біз де барған едік. Керемет көңіл көтеріп отырғанбыз. Менің қолымда өте бағалы сағат болды. Бриллиант қосылған, алтын жалатылған. Сол жерде ішіп отырған біреулердің сол сағатқа көзі түссе керек. Оқиға іште болды, арақ ішіп алған адамдар, қой десең түсінбейді. Мен сыртқа барып сөйлесейік деп айттым, еркекпіз ғой енді. Далада былайша айтқанда бір соққымен ұйықтаттым. Бірақ оның жалғыз екенін білген жоқпын, сөйтсем олар 10 – 20 шақты адам екен. Сол жерде біреуін сұлаттым, екіншісі келді оны құлаттым. Бірақ көргендердің айтуынша, біреуі желке тұсымнан ағаш битамен ұрып қалған. Тепе теңдікті жоғалтым алдым, сол кезде бәрі жабылып, ұрып тастады» , — деді Ермахан Ибраимов.
Боксшының айтуынша, бұл ешқандай тапсырыс емес, бұзақылардың негізгі көздегені тек алтын сағат болған көрінеді. Алайда олимпиада чемпионы кейін оларға кешірім берген.
«Бүкіл Қазақстан естіді, Елбасы ІІМ-не тапсырды, бұзақыларды тауып жазалауды. Мен ешкімді кінәлімаймын, ешкімді жазалаудың қажеті жоқ деп, кешірдім. Ал сағатты әкеліп берді», — деп аяқтады сөзін чемпион.