Британдық "Bmi" Алматы-Лондон бағытында соңғы үлгідегі аэробус ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британдық "Bmi" Алматы-Лондон бағытында соңғы үлгідегі аэробус ұшырды

Британдық "Bmi" Алматы-Лондон бағытында соңғы үлгідегі аэробус ұшырды

British Midiand International (bmi) әуе компаниясы еуропаның көшбасшы компанияларының бірі болып табылады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 442
Фото - Caravan.kz

Аталған әуе компаниясы Алматы-Лондон бағытында заманауи әрі өте жайлы А330 аэробусын шығарды. Бизнес класы 36 және эконом класы 196 орынға есептелген бұл ұшақтың құны 200 миллион долларға шыққан.

Bmi әуе компаниясының коммерциялық директоры Йорг Хеннеманның айтуынша, бұл бағыт Қазақстанға үлкен мән беріліп, саяхаттауды жақсарта түсуге бағытталған. «Біздің әуе компаниясы әлем бойынша әлеуеті жағынан екінші орында. Лондон-Алматы бағытында ашылып отырған рейсте ұшырылып отырған ұшақ қазіргі заманғы ең үлкен әрі үздік әуе кемесі болып табылады. Қазақстанға мұндай ұшақты неліктен шығарды дегенге келсек, бұл біздің әуе компаниямыздағы ең ұзақ бағыт болып табылады. Осы аралықты жолаушылар 8 сағат ұшып өтетін болғандықтан адамдарға өте жайлы осы ұшақты шығардық», — дейді Йорг Хеннеман.

Аталған бағытта алғашқы рейс маусымның 26-ы күні ұшырылған болатын. Жалпы бұл компания елімізде 14 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

70 жылдық тәжірибесі бар әуе компаниясында 3 мыңға жуық адам қызмет етеді. Әлемнің 100-ден астам елінде жұмыс істейтін компания өткен жылы 7 миллионға жуық адамды тасымалдаған. Сондай-ақ онда күніне 1700 рейс ұшырылады.

Соңғы жаңалықтар