Британдық және қазақстандық кәсіпкер әйелдер кәсібін дамыту тәжірибесімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британдық және қазақстандық кәсіпкер әйелдер кәсібін дамыту тәжірибесімен бөлісті

Британдық және қазақстандық кәсіпкер әйелдер кәсібін дамыту тәжірибесімен бөлісті

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – мемлекет экономикасын дамытудағы әлемдік трендтің бірі. Әйелдердің бизнестегі жұмыспен қамтылуын арттыру экономикалық өсудің, әлеуметтік сала деңгейін арттырудың, жаңа жұмыс орындарын құрудың қосымша ресурсы болып табылады.

  • 24 Маусым 2022
  • 3
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, «Audley» агенттігінің және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен Лондонда Ұлыбритания мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдері арасындағы ортақ мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында «Шекарасыз әйелдер кәсіпкерлігі: Қазақстан мен Ұлыбританияның тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға өз ісін дамытуда жетістікке жеткен кәсіпкерлер: «Kinergy» компаниясының негізін қалаушы және техникалық директоры Дина Мұқашева, Қазақстанның Алматы қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының «Жас қанаттар» жастар қанатының көшбасшысы Сабина Ақжарова, «Schoolgate Accounting Services» британдық консалтингтік компаниясының негізін қалаушысы әрі басқарушы директоры Люда Бинланд, ACMA, CGMA, DchA, «MA Business Studio Ltd» негізін қалаушы және бас директоры, «Belmont Private Office Ltd.» негізін қалаушысы әрі бас директоры Молли Абдуали, «Silk Road Fashion» халықаралық фэшн-шоуының негізін қалаушысы әрі жетекшісі Алма Фармер, «Ozim Platform» жобасының негізін қалаушысы әрі жетекшісі Әсем Тәжиева (онлайн), балаларды ерте жастан дамыту саласының сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының «Жас қанаттар» Жастар қанатының мүшесі Наргис Сағынова (онлайн) қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар бизнесті жүргізу тәжірибесімен, табысқа жету сырымен бөлісіп, әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың түйткілді мәселелерін талқылады, сонымен бірге, одан әрі ынтымақтастық, инновациялар мен даму үшін әйелдердің тұтастық, жеке құндылықтар және ашықтық қағидаттары негізінде бизнесті жандандыру және құру қажеттігіне тоқталды.

Кәсіпкер және «The Seed Handbook» («Зернышко. Женский путь создания бизнеса») кітабының авторы 
Линн Фрэнкс
 (кітап Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен серіктестікте жарық көрген) Қазақстандағы сияқты Ұлыбританияда да кәсіпкер әйелдердің көбейіп келе жатқанын жеткізді.

Айтуынша, Ұлыбританияда жаңа бизнестің көпшілігі әйелдерге негізделген, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған британдықтардың саны соңғы онжылдықта айтарлықтай өсті: 2021 жылдың өзінде 140 000 компанияны әйелдер ашқан. Қазақстанда да кәсіпкерлік қанат жаюда. Осылайша, Азия даму банкінің қолдауымен 14 жаңа орталық ашылды. Соның арқасында Қазақстанда кәсіпкер әйелдерді қолдау бойынша мыңдаған жұмыс орны құрылды.

Семинар кезінде Линн Фрэнкс әйелдердің бизнесте өзін-өзі көрсетудегі кедергілерді жоюға бағытталған «Me-We-Us» тұжырымдамасын тоқталды. Бұл ретте, жиынға қатысушылар жеке архетипті анықтаудың және кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін бастамалар құрудың негізгі қағидаларын талқылады.