Ұлыбритания парламентінің төменгі палатасы үкіметтің Еуроодаққа кіру туралы референдум өткізу жөніндегі ұсынысын мақұлдады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, палатаның 316 мүшесі ұсынысты қолдап дауыс берсе, 56-сы қарсылық білдірген. Олар үкіметтің референдумды 2017 жылдың 31-желтоқсанынан қалдырмай өткізу туралы ұсынысымен келіспейді.
Алдағы уақытта бұл мәселе парламенттің жоғарғы палатасы – Лордтар палатасында талқыланбақ.
Британия парламенті ЕО-қа кіру жөнінде референдум өткізу туралы ұсынысын мақұлдады
