"Броды-Плоцк" жобасы бойынша Бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Броды-Плоцк" жобасы бойынша Бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды

"Броды-Плоцк" жобасы бойынша Бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды

"Укртранснефть" ААҚ басқармаларының бастығы, Еуразиялық мұнай тасымалы дәлізін дамыту жөніндегі уәкілетті өкіл Александр Тодийчук пен "Дружба" (PERN "Przyjazn") мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі кәсіпорындар басқармаларының төрағасы Станислав Якубовский "Броды-Плоцк" мұнай құбыры жобасын жүзеге асыру жөніндегі Украина мен Польша арасындағы Бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Укртранснефть" ААҚ-ның баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 1 Тамыз 2003
  • 460
Фото - Caravan.kz

Құжатқа Украина және Польша үкімет басшылары Виктор Янукович пен Лешек Миллердің қатысуымен Донецк қаласында қол қойылды.

Соның нәтижесінде «Броды-Плоцк» мұнай құбырының құрылысын сала бастауға дайындық жұмыстары одан әрі жалғаса түсті. Аталмыш мұнай құбырын пайдалануға беру нәтижесінде мұнайды «Одесса-Броды» құбыр жүйесі арқылы Польша арқылы Солтүстік Еуропа елдеріне тасымалдауға мүмкіндік жасалады.
2001-жылы тартылған «Одесса-Броды» құбыр жүйесі Одесса-Броды-Гданьск бағытындағы Еуразиялық мұнай тасымалы дәлізінің бірінші кезегі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар