Брюссель қаласында 16 қыркүйекте "Қазақстан - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесінің оныншы отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссель қаласында 16 қыркүйекте "Қазақстан - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесінің оныншы отырысы өтеді

Брюссель қаласында 16 қыркүйекте "Қазақстан - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесінің оныншы отырысы өтеді

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Брюссель қаласында 16 қыркүйекте "Қазақстан - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесінің оныншы отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 354
Фото - Caravan.kz

СІМ ақпаратына сәйкес, жиын кеңестің тең төрағасы — ҚР Индустрия және сауда министрі В.Школьниктің жетекшілігімен өтіп, әртүрлі салалардағы қазақстан-еуропалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналмақ. Еуропалық делегацияны кеңестің тең төрағасы — ЕК сыртқы байланыс және Еуропалық тату көршілестік саясатының комиссары Б.Ферреро-Вальднер басқарады.

Форум аясында 2007-2013 жылдары Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы жаңа серіктестік Стратегиясын әрі қарай жүзеге асыру мәселелерін талқылау, демократиялық реформалар, заң және адам құқықтары үстемдігі және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен қоса, ҚР ЕҚЫҰ төрағалық етуіне байланысты саяси диалогты кеңейтуді талқылау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар