Брюссельде Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді

Брюссельде Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді

13-маусымда Брюссельде Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді . Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Маусым 2003
  • 419
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан тарапынан кездесуге осы елдің қорғаныс министрі , генерал-полковник Шерали Хайруллаев қатысады .

Бас қосуда министрлер «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасы аясындағы жоспарлау және талдау жұмыстарының барысы туралы есеп тыңдалмақ. Сондай-ақ, қауіпсіздікке төнген жаңа қауіп-қатерлерді шешудегі әріптестік , жедел ықпалдастық жолдары, Ауғанстандағы қаіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасау мәселелері сарапқа салынады деп күтілуде.
Қазақстан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ҚР қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Мұхтар Алтынбаев ҚР үкіметінің толық құрамда қызметтен кетуіне байланысты аталмыш шараға қатыспайды.

Соңғы жаңалықтар