Брюссельде НАТО-ны әрі қарай қайта құру мәселелері бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде НАТО-ны әрі қарай қайта құру мәселелері бекітілді

Брюссельде НАТО-ны әрі қарай қайта құру мәселелері бекітілді

НАТО-ға мүше 28 елдің қорғаныс министрлерінің Брюссельде өткен мәжілісінде Солтүстікатлантикалық альянстың мекемелері мен командалық құрылымдарын қайта құрудың бірқатар маңызды мәселелері нақтыланды.

  • 10 Маусым 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кездесу қорытындысы бойынша альянстың бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлім етті.

НАТО басшысының айтуынша, жоспарланған реформалар альянсты, келешектегі проблемаларды үздік шеше алатын жинақы және қазіргіден де икемдірек құрылымға айналдырады. «Біз НАТО-ның жерүсті қадағалау және стратегиялық әуе тасымалдары сияқты жекелеген жобаларына жауап беретін мекемелерімізді реформалауға келістік», — деді А. Расмуссен.

Оған қоса, қорғаныс министрлері НАТО-ның командалық құрылымын да өзгертуге келісіп отыр. «Кейбір штаб-пәтерлер жабылады. Өзгелері өз жұмыстарын жалғастырады немесе өз қызметтерін өзгертеді», -деді А. Расмуссен.

Соңғы жаңалықтар