Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы жаңа базалық келісім бойынша келіссөз басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы жаңа базалық келісім бойынша келіссөз басталды

Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы жаңа базалық келісім бойынша келіссөз басталды

Қазақстан делегациясының Брюссельге сапарының барысында Еуроодақ пен Қазақстанның арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа базалық келісім бойынша келіссөз басталды.

  • 28 Маусым 2011
  • 313
Фото - Caravan.kz

Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа базалық келісім бойынша келіссөз тобының жетекшісі етіп тағайындаған Гунар Вигандтың атап көрсетуінше, Қазақстан мен Еуроодақтың арасында қарым-қатынас орнағаннан бері, қос тарап дамудың біраз жолын жүріп өтті. «Осыған байланысты, саяси экономикалық қатынастарды тереңдету үшін бізге ынтымақтастықтың қазіргі заманға сай базасы керек. Аталмыш келісім бизнеске жағдай жасауға және Еуроодақ пен Қазақстан азаматтарының арасындағы өзара байланысты оңтайландыруға мүмкіндік береді», дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстан-еуропалық екіжақты қарым-қатынасқа негіз болып отырған қазіргі қолданыстағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім 1999 жылы күшіне енген болатын.

Соңғы жаңалықтар