Жарияланды: 530

Брюссельде "Қоршаған орта және қауіпсіздік" конференциясы өтеді

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Брюссельде 13 қарашада экология мәселелері жөніндегі "Қоршаған орта және қауіпсіздік" конференциясы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Іс-шараны ЕҚЫҰ, ENVSEC ("Қоршаған орта және қауіпсіздік" ынтасы), БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, БҰҰ Экологиялық бағдарламасы, БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы мен Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымдастырады. Конференция мақсаты - қоршаған ортаға және қауіпсіздікке төнетін жаңа қауіп-қатерлерді, сонымен қатар ENVSEC қатысушы-мемлекеттердің жоғарғы лауазымды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қауіпсіздік пен даму жөніндегі сарапшыларының қатысуымен Орталық Азия, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, сонымен қатар Оңтүстік Кавказға қажетті іс-шараларды іске асыру жайын талқылау балып табылады. Қазақстан атынан негізгі баяндамашы ретінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Әлжан Бірәлиев қатысады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін