Брюссельде "Қоршаған орта және қауіпсіздік" конференциясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде "Қоршаған орта және қауіпсіздік" конференциясы өтеді

Брюссельде "Қоршаған орта және қауіпсіздік" конференциясы өтеді

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Брюссельде 13 қарашада экология мәселелері жөніндегі "Қоршаған орта және қауіпсіздік" конференциясы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 10 Қараша 2008
  • 514
Фото - Caravan.kz

Іс-шараны ЕҚЫҰ, ENVSEC («Қоршаған орта және қауіпсіздік» ынтасы), БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, БҰҰ Экологиялық бағдарламасы, БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы мен Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымдастырады.

Конференция мақсаты — қоршаған ортаға және қауіпсіздікке төнетін жаңа қауіп-қатерлерді, сонымен қатар ENVSEC қатысушы-мемлекеттердің жоғарғы лауазымды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қауіпсіздік пен даму жөніндегі сарапшыларының қатысуымен Орталық Азия, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, сонымен қатар Оңтүстік Кавказға қажетті іс-шараларды іске асыру жайын талқылау балып табылады.

Қазақстан атынан негізгі баяндамашы ретінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Әлжан Бірәлиев қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар