Б.Сапарбаев «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанғандарға сертификаттар табыстады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Сапарбаев «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанғандарға сертификаттар табыстады

Б.Сапарбаев «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанғандарға сертификаттар табыстады

Бүгін Астанада жас мамандар форумында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Болашақ» стипендиясының қатарын жақында ғана толықтырған жастарға сертификаттар табыстады.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 577
Фото - Caravan.kz

 «Болашақ» бағдарламасы Елбасының бастамасымен 1993 жылы құрылғанын еске салып өткен вице-премьер: «Ол әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жөніндегі бірінші бағдарлама болды. Өз кезегінде бағдарлама 8 мыңға жуық білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік берді», — деді.

Сонымен қатар Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына естелік сыйлықтарды табыс етті.

Айта кетейік, форумға 400-ден астам «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлектері, «Дарын» және «Жас тұлпар» жастар сыйлықтарының лауреаттары, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты.


null null