Б.Сауранбаев Алматыдағы коммуналдық жұмыстарды жүргізіп жатқан ұйымдардың жұмысын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Сауранбаев Алматыдағы коммуналдық жұмыстарды жүргізіп жатқан ұйымдардың жұмысын сынға алды

Б.Сауранбаев Алматыдағы коммуналдық жұмыстарды жүргізіп жатқан ұйымдардың жұмысын сынға алды

 Алматы қаласы əкімінің орынбасары Болат Сауранбаев бүгін 9 нысанды аралап шыққаннан кейін коммуналдық жұмыстармен айналысып жатқан жекеменшік ұйымдардың жұмысын тексерді. 

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 585
Фото - Caravan.kz


Ең алдымен, əкімнің орынбасары Оспанов көшесінің бойындағы кəріз жүйесін жөндеп жатқан «Мекен» ЖШС-іне уақытында құрылыс жұмыстарын аяқтамағаны үшін сын айтып, жауапты адамды сұрақтың астына алды. 

Қала əкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға 10 қыркүйекке дейін аяқтауды бұйырды. Жол жөндеп жатқан «Асмар-строй» ЖШС 15 қыркүйекке дейін 5 күнде жолды қалпына келтіруді бұйырды. 

Келесі нысан бойынша Марков-Попов көшелерінің қиылысындағы жылу тарату желілерін жүргізіп жатқан «ЖК Астана құрылыс» мекемесін де сынға алынды.

«Құбырларды орналастыру ғана қалды. Байқау кеш басталды. 20 тамызда. 20 қыркүйекке дейін аяқтаймыз»,- деді компанияның атқарушы директоры Теңізбаева Айнұр. 

Қала əкімінің орынбасары 17 күн ішінде аталған жұмыс аяқтала қоярына күмəн білдірді. 

Келесі нысан 30 тамызда пайдалануға берілуі керек болатын. 

Тимирязев-Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы «Алматы техносервис ЛТД» 12 қабатты үйлерді жылу желілеріне қосу керек еді. 
Жұмыстың дұрыс аяқталмағанына көз жеткізген Болат Сауранбаев компанияны лицензиясынан айыруды талап етті. 
Сондай-ақ, əкімшілік полиция өкілі аталған ЖШС-на жол белгілерін қоймай жұмыс істегені үшін екі рет 15 жəне 20 АЕК көлемде айыппұл салынғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар