Б.Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» әніне бейнебаян түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» әніне бейнебаян түсірілді

Б.Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» әніне бейнебаян түсірілді

Астана күні мерекесі қарсаңында Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» әніне бейнебаян түсірілді.

  • 5 Шiлде 2016
  • 377
Фото - Caravan.kz

Туынды «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі. Әннің сөзін ақын Шөмішбай Сариев, музыкасын Ренат Гайсин жазған. Батырхан Шүкенов оны көзі тірісінде орындаған. Ұлттық арнаның тапсырмасына сай жасалған бейнебаянда Астананың ең көрікті деген жерлері көрініс тапты. Түсірілімге әншілер мен телевизия саласының кәсіпқой мамандары қатысқан.

— Бұл ән әрине, Астананың сұлулығын жырлайтын, қазақ халқының астанасын жырлайтын, шын жүректен шығарылған ән. Енді Батырханның өнеріне, оның дауысына біздің жастарымыз қазіргі кезде де көп еліктейді. Шынында да Батырханнан үйренері көп. Батырханның деңгейіне жетуге жастар тырысады деп ойлаймын, дейді ҚР Халық әртісі, Роза Рымбаева.


Перейти к новостям спорта