Жарияланды: 450

"БТА Банк" акционерлері мемлекеттің банкті қосымша капиталдандыру мүмкіндігін қысқа мерзімде талқылауға дайын екендігін білдірді

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрімен өткен кешегі кездесуде "БТА Банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов үкіметтің бастамасына оң бағасын берді және акционерлер құрылымында банк холдингінің және ірі қатысушылардың жоқтығын назарға ала отырып, қысқа мерзімде акционерлермен мемлекеттің банкті қосымша капиталдандыру мүмкіндігін талқылауға дайын екендігін білдірді, деп хабарлайды агенттік

тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оң шешім қабылдаған жағдайда, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының атынан мемлекеттің банкті қосымша капиталдандыруы банктің акционерлік капиталының 25%-ынан аспайтын мөлшерде жай акцияларды шығару және сонымен қатар артықшылықты акцияларды қосымша шығару арқылы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасының премьер-министрі "Самұрық-Қазынаның" банк капиталына қатысуы нарықтық қағидаттар негізінде жүзеге асырылатын болатындығын және Қазақстанның банк жүйесін нығайтуға, банк салымшыларының, инвесторларының және клиенттерінің сенімін арттыруға мүмкіндік беруге, сондай-ақ банктердің экономиканы кредиттеудің қажетті көлемін ұстап тұруын қамтамасыз етуі тиістігін растады. Бұдан бұрын хабарлағандай, үстіміздегі жылдың 28 қазанында үкімет пен негізгі акционерлер Ұлттық банк, Қаржылық қадағалау агенттігі арасында жарияланған Қазақстанның банк секторын тұрақтандыру жөніндегі шаралар шеңберінде үкімет және "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Альянс банк" АҚ мемлекеттік қолдау туралы принциптік уағдаластыққа қол жеткізді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін