"БТА Ипотека" АҚ 10 млрд. теңгенің облигациялық бағдарламасының көмегімен ипотекалық несиені арзандатпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"БТА Ипотека" АҚ 10 млрд. теңгенің облигациялық бағдарламасының көмегімен ипотекалық несиені арзандатпақшы

"БТА Ипотека" АҚ 10 млрд. теңгенің облигациялық бағдарламасының көмегімен ипотекалық несиені арзандатпақшы

"БТА Ипотека" АҚ құны 10 млрд. теңгенің облигациялық бағдарламасын тіркеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қазан 2004
  • 507
Фото - Caravan.kz

«БТА Ипотека» АҚ-ның қаржы жөніндегі атқарушы директоры Қайрат Алтынбековтың айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру арзан әрі ұзақ мерзімді қаржы тартуға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде ипотекалық несиелер бойынша сыйақы ставкаларын азайтуға әсер етпек. Сондай-ақ, «БТА Ипотека» АҚ-ның бағалы қағаздары (10 жылдық айналыммен шығарылатын) отандық зейнетақы қорлары үшін қосымша қаржылық құрал ретінде қарастырылуда.

Облигациялар 2005-жыл бойына Қазақстан қор биржасына шығарылады. Әрбір транш көлемі 1,5-2 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде. Облигациялардың алғашқы қоржыны биржаға 2004-жылдың қараша айында шығарылады.
«Зейнетақы қорлары басты инвесторлар ретінде қарастырылып отырғандықтан, эмиссияның басым бөлігі теңге эквивалентімен шығарылып, инфляция деңгейіне тығыз байланыстырылады»,- деді Қ.Алтынбеков.
«БТА Ипотека» АҚ-ның облигациялық бағдарламаға қамтылмаған, құны 1,5 млрд. теңгенің алғашқы ипотекалық облигацияларын биржа саудасына шығару қорытындысы бойынша алдағы эмиссиялардың егжей-тегжейі инвесторлармен бірге жан-жақты талқыланады. Осындай алғашқы сауда алдағы аптада жүзеге асырылады.

Перейти к новостям спорта