БТА ипотека компаниясы 10 млн. доллардың несиесін алды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БТА ипотека компаниясы 10 млн. доллардың несиесін алды

БТА ипотека компаниясы 10 млн. доллардың несиесін алды

"БТА ипотека" АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі жеке тұлғаларға ипотекалық несие беруге арналған 10 млн. доллардың несиелік желісін ашу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне БТА ипотека компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. 10 жылдық несие 5 млн. доллардан екі траншпен берілмек.

  • 2 Наурыз 2005
  • 545
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесін «БТА ипотека»АҚ «ТұранӘлемБанкі»АҚ тарапынан кепілдіксіз, дербес несие түрінде алған. Бұл — Еуропалық қайта құру және даму банкінің БТА ипотекаға беріп отырған екінші несиесі болмақ. 5 млн. доллардың алғашқы несиесі туралы келісімге 2003-жылы қол қойылған.

Еліміздегі ипотекалық несиелендіру рыногы құрылғанына 4 жыл ғана толса да, жылына 3 есе қарқынмен өсіп келеді. Әрбір он қарыздың тоғызы жеке тұлғаларға берілуде. Халықаралық және Қазақстандық сарапшылардың болжамына сәйкес, ипотекалық рыноктың көлемі 2008-жылы 1,5 млрд. долларға дейін өспек, дейді «БТА ипотека»АҚ -ның президенті Мұрат Юлдашев.
БТА ипотека 2000-жылы құрылған. Қазіргі жағдаймен компания еліміздегі ипотекалық несие беру рыногындағы жетекші компанияның санатына енді. Оның ипотекалық несие рыногындағы үлесі 20-25 процентті құрайды. БТА ипотеканың басымдық берілген стратегиялық мақсаттарының бірі — республика көлеміндегі географиялық аясын кеңейту болып табылады. Қазір еліміз бойынша компанияның 14 аймақтық өкілдігі жұмыс істейді. 2005-жылы тағы 5 филиал ашу көзделген. Сондай-ақ, халықтың ауқымды бөлігіне арналған ипотекалық жаңа өнімдер түрін шығару да басты мақсаттардың бірі.

Перейти к новостям спорта