"БТА Ипотека" қарыз алғандардың проблемаларын шешу үшін қор құруды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"БТА Ипотека" қарыз алғандардың проблемаларын шешу үшін қор құруды ұсынуда

"БТА Ипотека" қарыз алғандардың проблемаларын шешу үшін қор құруды ұсынуда

Қазақстандық "БТА Ипотека" халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігін құрайтын қарыз алушылардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік әлеуметтік қор құруды ұсынып отыр, деп хабарлады компанияның президенті Сағындық Құсайынов.

  • 22 Маусым 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Алматыда сәрсенбіде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында баспасөз мәслихатында айтты.

С.Құсайыновтың айтуынша, бұл қорды Ипотекалық несиелерге кепілдік беруші қазақстандық қордың базасында құруға болады.
«Идея мынадай: банктер жыл сайын міндетті негізде ипотекалық қоржынның бір үлесін, мәселен, 0,3% қорға аударады. Қор бұл ақшаға жылжымайтын мүлік алып, банктермен келісі отырып, оны тегін немесе жеңілдікпен мемлекеттік жалға беру шарты негізінде әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға береді».
«БТА Ипотеканың» есебі бойынша банктер ипотекалық қоржынның 0,3% аударған жағдайда, қор жыл сайын 400 пәтер ала алады екен. Демек, 10 жылда бұл ұйым 4000 пәтер көлемінде қор құра алады», деді ол.
Компания жетекшісі атап өткендей, қазіргі уақытта банктер осы мәселені талқылауда.

Соңғы жаңалықтар