БТ-ның орташа балы 1,5 пайызға артып, 86,6 балды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БТ-ның орташа балы 1,5 пайызға артып, 86,6 балды құрады

БТ-ның орташа балы 1,5 пайызға артып, 86,6 балды құрады

Ағымдағы жылы ҰБТ-ның орташа балы 1,5 пайызға артып, 86,6 балды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

  • 13 Маусым 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, осымен сегізінші мәрте өткізіліп отырған ҰБТ-да оң тәжірибелер қалыптасқан. «Менің ойымша, мұнан жақсысын ойлап таппаймыз. Жылдан жылға оң жетілдіріліп отырылады. ҰБТ форматы ағымдағы жылы өзгерген жоқ. Мазмұны бойынша көптеген сұраққа, атап айтқанда 1500 сауал ауыстырылды. Сондай-ақ, өткен жылы дұрыс қойылмаған 109 тапсырма алынып тасталды»,-деді ол.

ҰБТ осы форматта жалғасу керектігін атап өткен министрдің айтуынша, осы жылы да ҰБТ-ға қатысты сын көп болған. «Менің ойымша, заң бұзушылықтар да болды. Мемлекеттік құпиялар туралы заңның бұзылуы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Толықтай алғанда өткен жылмен салыстырғанда орташа 1,5 пайызға артып, 86,6 балды құрады. Ағымдағы жылы ҰБТ-ны 129 мың адам тапсырды. Бұл да жақсы көрсеткіш»,-деді министр.

Б. Жұмағұловтың атап өтуінше, 2014-2015 жылдарға дейін студенттерден сынақ алу ҰБТ форматында жалғаса береді. Ал, 2014-2015 жылдары бейімдік мектептің пайда болуына байланысты кешенді және ұлттық тестілеу енгізілетін болады.

Өз кезегінде Үкімет басшысы «ҰБТ-ны институт ретіндегі ұстанымнан бас тартпаймыз. Жетілдіру мәселесіне келер болсақ, ондай жайттар бар. Басталған жұмыстарды тоқтатпау қажет.ҰБТ жақсы тетік. Сондықтан оны одан әрі жетілдіру керек»,-деді К. Мәсімов.