"Бұдан артық үндемеуге болмады!" Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат туралы сұраған оқырмандарына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұдан артық үндемеуге болмады!" Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат туралы сұраған оқырмандарына жауап берді

"Бұдан артық үндемеуге болмады!" Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат туралы сұраған оқырмандарына жауап берді

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртас туралы сұраған оқырмандарына жауап қатып, халықтан тыныштық беруді сұрады.

  • 12 Шiлде
  • 12356
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Күйеуіңізді уайымдамайсыз ба?», «Қайрат ағамен хабарласып тұрасыз ба?», «Бүкіл ел уайымдаймыз Қайратқа, сіздің қолдауыңыз қажет емес пе?», «Күйеуіңіз қамауда жатса, сіз қайдағыны қиялдап», «Масқара, әкелері жатыр, бұл апам қыдырғанын салып», — деп жазған желі қолданушылары.

Актриса бұл жағдай балаларына ауыр екенін айтты.

«Бұдан артық үндемеуге болмады! Ешқашан жеке мәселені инстаграмда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің бар фокусым балаларымда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар намысшыл. Ата-анасы өнер адамдары болғаны үшін олар неге қиындық көруі керек? Заң алдында Қазақстанның барлық азаматы бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар. Балаларға ауыр тиіп жатыр!» — деп жазды актриса.