Бұдан былай еліміздегі банкноттар мен монеталар орыс тілінде жазылмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұдан былай еліміздегі банкноттар мен монеталар орыс тілінде жазылмайды

Бұдан былай еліміздегі банкноттар мен монеталар орыс тілінде жазылмайды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 12 желтоқсанда «Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталарын жобалау тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлық шығарды.

  • 22 Ақпан 2019
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Zakon.kz.-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тұжырымдамада банкноттар мен монеталардың міндетті дизайн элементтеріне жататындар:

– номиналды сандық немесе әріптік белгілеу;
– түпнұсқалығын анықтауға және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, жасандылықтан қорғауды қамтамасыз ететін элементтер;
– эмитенттің елінің ресми атауы;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және монеталардың алдыңғы жағында немесе арт жағында орналасқан банкноттың бейнесі.

Банкноттардың қосымша дизайн элементтері – сериялық нөмір және жобаны мақұлдау жылы.

Монета жасаудың қосымша элементі – монетаның соғылған жылы.

Банкноттар мен монеталардың дизайны мынадай суреттердің біреуін немесе бірнешеуін пайдаланады:

– қазақ ою-өрнегі немесе оның құрамдас бөліктері;
– Қазақстан тарихы мен дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың портреттері;
– Қазақстанның бірегей тарихи, географиялық және сәулет ескерткіштері немесе олардың фрагменттері;
– мемлекеттік және халықаралық іс-шараларға арналған бейнелер;
– Қазақстанның флорасы мен фаунасының өкілдерінің бейнелері;
– тарих, мемлекеттілік, саясат, құқық, экономика, ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт, Қазақстан дамуына қатысты бейнелер;
– әлемдік құндылықтарға, байлыққа, тарихқа және мәдениетке қатысты бейнелер;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар таңбасының (логотипінің) бейнесі;
– басқа сандық және алфавиттік жазулар.

Банкноттар мен монеталарды ресімдеуде қолданылатын жазулардың мәтіні мемлекеттік тілде жасалады. Инвестициялық және коллекционарлық монеталардың дизайны шетел тілдерінде жазылады.


Қазақстан Республикасы президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысында банкноттар мен монеталардағы ескертулер мемлекеттік және орыс тілінде жазулар қолданылатыны айтылған. Коллекциялық және инвестициялық монеталар мемлекеттік тілде, орыс және шет тілінде жазылатны, ал өзге елдің тапсырысы бойынша жасалған коллекциялы монеталар шет тілінде жазылатыны көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар