Бұдан былай нөмірді өзгертпей, басқа байланыс операторына ауысуға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұдан былай нөмірді өзгертпей, басқа байланыс операторына ауысуға болады

Бұдан былай нөмірді өзгертпей, басқа байланыс операторына ауысуға болады

Сенат депутаттары бүгін «Ақпараттандыру туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлады  www.24.kz.

  • 30 Қазан 2015
  • 333
Фото - Caravan.kz

Бұл құжат телефон нөмірін қалдыра отырып, ұялы байланыс операторын ауыстыруға мүмкіндік береді. Яғни сіз қолданып жүрген оператордың қызметі мен тарифі ұнамаса, басқасына оп-оңай ауыса аласыз. Ол үшін жеке куәлікпен тиісті мекемеге барып, өтініш жазсаңыз болғаны. «Бұл өз кезегінде байланыс операторлары арасындағы бәсекелестікті арттырып, тілдесу құнының төмендеуіне әсер етеді», — дейді мамандар. Бұдан бөлек, заң жобасымен мемлекеттік органдарға жаңа технологияларды енгізу арқылы кейбір қызмет түрлерін автоматтандыру қарастырылған.

 «Заң жобасының басты мақсаты — азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті барынша жеделдетіп, сапасын арттыру болып табылады. Мәселен Қаржы, Әділет министрліктері мен статистика агенттігінің жүйелерін біріктіру арқылы заңды тұлғалар бірнеше сағаттың ішінде тіркеуге алынатын болды. Ал бұрын ол бір айға созылатын. Сондай-ақ мобильді құлдыққа тыйым салынып, қылмыс туралы хабар беретін интернет-портал құрылады, ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. 


Соңғы жаңалықтар