Бұдан былай “Оңай” картасы иелері ақшалай ұтыстарға қол жеткізе алады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұдан былай “Оңай” картасы иелері ақшалай ұтыстарға қол жеткізе алады

Бұдан былай “Оңай” картасы иелері ақшалай ұтыстарға қол жеткізе алады

Картаны жиі пайдаланып, шотты 2-3 мыңнан аса теңгеге толтыратындарға жағымды хабар. Енді “Оңай” картасының иелері оңай олжаға қол жеткізе алады.

  • 8 Қыркүйек 2016
  • 764
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлады.

Алматы қаласының көлік холдингі карта иегерлеріне апта сайын ақша таратады. Алайда, ол үшін картаңызды www.onay.kz сайтында тіркеуіңіз қажет. Тоғыз апта жалғасатын акцияда, апта сайын – үш адам 10 мың, бес адамға – 5 мың, жүз адам – 2000 теңге ұтып алады. Оған қоса, оқу орталықтарына арнайы сертификаттар таратылады. Ал 2017 жылдан бастап “Оңай” төлем жүйесіне өзге де өзгерістер енгізіледі.

“Алматыда жолаушыларға ыңғайлы болу үшін “Жолақы” тарифі енгізіледі. Оны “Оңай” картасының балансын толтыру кезінде іске қосуға болады. Өзіне ыңғайлы тарифтің құнын төлеген пайдаланушы қаладағы қоғамдық көліктермен жүрген әр сапарында бір ғана картаны қолдануы керек. 2016 жылдың 1 қазанынан бастап, ескі үлгідегі “Оңай” картасын шығару тоқтатылады. Алайда бұрын сатып алған ескі үлгідегі картаны 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға, толтыруға болады”, – деді “Оңай” электронды билеттеу жүйесі операторының баспасөз хатшысы, Эльмира Киргеева.