Будулай рөлін сомдаған актер өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Будулай рөлін сомдаған актер өмірден озды

Будулай рөлін сомдаған актер өмірден озды

КСРО-ның халық әртісі көрермендердің ыстық ықыласына бөленген «Сыған» фильміндегі Будулай рөлінен кейін танымал болған Михай Волонтир

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 481
Фото - Caravan.kz


Кишиневте республикалық клиникалық ауруханада 82 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Lifenews.ru.

Ол бірнеше жылдан бері қант сусамырының ауыр түріне шалдығып, соңғы үш жылда жағдайы аса ауырлаған еді.

Еске салсақ, Анатолий Калининнің бір атаулы романының желісімен режиссер Александр Бланк түсірген «Сыған», «Будулайдың қайта оралуы» фильмдеріндегі Будулай рөлі  Волонтирді халықтың махаббатына бөледі. 1988 жылы ол КСРО халық әртісі атағын алды. Сондай-ақ ол молдава киносындағы XX ғасырдың үздік актері атағын алған, «Елдің көрнекті тұлғасы» сыйлығының иегері.

Соңғы жаңалықтар