Caravan Logo

Будулай рөлін сомдаған актер өмірден озды

Будулай рөлін сомдаған актер өмірден озды


Кишиневте республикалық клиникалық ауруханада 82 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Lifenews.ru.

Ол бірнеше жылдан бері қант сусамырының ауыр түріне шалдығып, соңғы үш жылда жағдайы аса ауырлаған еді.

Еске салсақ, Анатолий Калининнің бір атаулы романының желісімен режиссер Александр Бланк түсірген «Сыған», «Будулайдың қайта оралуы» фильмдеріндегі Будулай рөлі  Волонтирді халықтың махаббатына бөледі. 1988 жылы ол КСРО халық әртісі атағын алды. Сондай-ақ ол молдава киносындағы XX ғасырдың үздік актері атағын алған, «Елдің көрнекті тұлғасы» сыйлығының иегері.