Бұған дейін ҚР ІІМ-нің өкілеттігінде болған азаматтарды құжаттандыру және тіркеу функциясы әділет министрлігіне берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұған дейін ҚР ІІМ-нің өкілеттігінде болған азаматтарды құжаттандыру және тіркеу функциясы әділет министрлігіне берілді

Бұған дейін ҚР ІІМ-нің өкілеттігінде болған азаматтарды құжаттандыру және тіркеу функциясы әділет министрлігіне берілді

Қазақстанда жеке тұлғаларды есепке алу және тіркеудің біртұтас жүйесін құру үшін бұған дейін ҚР ІІМ-нің өкілеттігінде болған азаматтарды құжаттандыру, азаматтарға жеке куәліктер мен төлқұжаттар беру және тұрғылықты жері бойынша тіркеу функциясы әділет министрлігіне берілді. Бұл туралы 14-қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР әділет министрінің орынбасары Убайдулла Стамқұлов хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2005
  • 673
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, үкімет қаулысы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттарды жасаумен шұғылданатын «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК әділет министрлігінің қарамағына берілді.

«Ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде азаматтарды құжаттармен қамтамасыз ету және тіркеу мәселелерін реттейтін нормативтік база өңделіп, талапқа сәйкестендірілді. Материалдық-техникалық құндылықтар, құжаттар мен зертхана картотекаларын өткеріп беру шарасы жүзеге асырылды»,- деді вице-министр. Республиканың барлық аймақтарында әділет министрлігінің жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшелерін орналастыру мәселелері шешілді, деді ол.
ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің төрағасы Мейрамбек Таймерденовтың айтуынша, жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін комитет құрамында азаматтарға құжаттар беру жөніндегі және азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі екі басқарма құрылды. «Жаңадан құрылған бөлімшелер мамандармен қамтамасыз етілді»,- деді комитет төрағасы. «Аумақтық бөлімшелер 2005-жылдың 5-қаңтарынан бастап азаматтарды құжаттармен қамтамасыз ету және тіркеу функциясын атқаруға кірісті»,- деді ол.
Жылдың бастапқы 10 жұмыс күнінде құжат алу және тіркеу мәселелері бойынша 39 мыңнан астам адам хабарласқан.

Перейти к новостям спорта