Бүгін әйгілі әнші Жүсіпбек Елебековтың өмірден озғанына - 34 жыл - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін әйгілі әнші Жүсіпбек Елебековтың өмірден озғанына - 34 жыл

Бүгін әйгілі әнші Жүсіпбек Елебековтың өмірден озғанына - 34 жыл

Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебеков көзі тірі болғанда 28 тамызда 97 жасқа толар еді.

  • 12 Тамыз 2011
  • 899
Фото - Caravan.kz


1904 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаратау ауылында өмірге келген әйгілі музыка шебері 73 жасында 1977 жылы 12-тамызда Алматыда дүниеден озған болатын. Ол өзінің өнер жолын 1920-22 жылдары Семейдегі «Ес-аймақ» драма труппасының спектакльдері мен концерттерінен бастайды. Одан кейін 1931-35 жылдары Қазақ драма театрында, 1935-60 жылдары Қазақ филармониясында, 1960-77 жылдары «Қазақконцерт» бірлестігінде актерлік-әншілік қызметтерді атқарған. Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақтың шығармаларын насихаттаушы болды. Оның репертуарында халық әндері мен халық композиторларының әндерінен бөлек Қазақстан сазгерлерінің шығармалары да бар. Әншінің орындауындағы жүздеген ән үлгілері этнографиялық музыкалық жинақтарға еніп, ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау болды. 1936, 1958 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, гастрольдік сапармен Қытай (1950, 1955), Моңғолия (1960), Үндістан (1967) сияқты шет елдерді аралаған Ж.Елебеков өмірінің соңына дейін Алматыдағы эстрада-цирк өнері студиясында ұстаздық қызмет жасады. Ерен еңбегі елеусіз қалмай 1942 жыл Қазақстанның халық әртісі атағын алып, кейін «Ленин», «Құрмет» ордендерімен марапатталды. 1965 жылы «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан құрылған Алматы эстрада-цирк өнері студиясы 1995 жылдан бері Жүсіпбек Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері коледжі деп аталады.

Перейти к новостям спорта