Бүгін академик Рабиға Сыздық 92 жасқа толды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін академик Рабиға Сыздық 92 жасқа толды

Бүгін академик Рабиға Сыздық 92 жасқа толды

92 жыл бұрын (1924) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі СЫЗДЫҚ Рабиға Сәтіғалиқызы дүниеге келді.

  • 17 Тамыз 2016
  • 1021
Фото - Caravan.kz

Ғалым Ақтөбе мұғалімдер институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын және аспирантурасын бітірген. 1951-1957 жылдары — Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, редакция меңгерушісі. 1957-1961 жылдары — Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері. 1961-1981 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1981 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері, мәдениет және қазақ тілдері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілі тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті мәселелеріне арналған. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салуда Абай Құнанбаев шығармаларының зор маңыз атқарғанын дәлелдеді. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», «Абай тілінің сөздігі», тағы басқа еңбектерді жазуға қатысты. 15-19 ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихын, Қ.Жалайырдың «Жами-ат-тауарих» атты шежіресі тілін, қазақ тіл мәдениетінің мәселелерін зерттеді. Оның «Абай шығармаларының тілі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы», «Қазақ тілі әдістерінің негізгі мәселелері», тағы басқа еңбектері жарық көрді. Р.Сыздықтың 130-дан астам ғылыми ғылыми еңбегі, оның ішінде 9 монографиясы, оқулығы, оқу құралы бар. Есімі Қазақстан Республикасының Алтын кітабына енгізілген. 

ӨМІР БЕЛЕСТЕРІ

Сыздықова Рәбиға Сәтіғалиқызы 1924 жылғы тамыз айының 17 күні Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында дүниеге келді.

1931-1938 жж. Орта мектепте оқыды.

1938-1940 жж. Ақтөбе облысының Темір қаласындағы педучилищеде оқыды.

1940-1945 жж. Ақтөбе облысының Алға стансасында бастауыш класс мұғалімі, Темір қаласында орта мектептің мұғалімі, Темір қаласындағы педучилищенің оқытушысы, Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектептің оқу ісі меңгерушісі.

1945 ж. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталды.


1945-1947 жж. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының студенті.

1947-1951 жж. ҚазПИ-де аспирантурада оқыды.

1951-1957 жж. Қазақтың оқу-педагогтік баспасында ("Мектеп", "Рауан") редактор және редакция меңгерушісі болып қызмет істеді.

1957-1961 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері (Осы жылдардан бастап табан аудармай Тіл білімі институтында түрлі дәрежеде қызмет атқарып келеді).

1959 ж. "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1971 ж. "Құрмет Белгісі" орденімен наградталды (21 шілде).

— "Абай шығармаларының тілі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады (25 мамыр).

1979 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды (26 сәуір).

1981 ж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Министрлер Кеңесінің 26 мамырдағы қаулысымен Қазақ КСР-інің Құрметті Алтын кітабына жазылды.

1984 ж. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері кұрметті атағы берілді (25 шілде).

1989 ж. Түркі тілдері мамандығы бойынша профессор атағы берілді (профессорлық аттестат ПР N017637, 8 желтоқсан);

1995 ж. "Қазақ әдеби тілінің тарихы" атты монографиясы үшін ҚР ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді.

1996 ж. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды