Бүгін Алматыда "Караван" газетін шығаруды тоқтата тұру туралы прокуратураның шағымы бойынша бірінші сот мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Алматыда "Караван" газетін шығаруды тоқтата тұру туралы прокуратураның шағымы бойынша бірінші сот мәжілісі өтеді

Бүгін Алматыда "Караван" газетін шығаруды тоқтата тұру туралы прокуратураның шағымы бойынша бірінші сот мәжілісі өтеді

АЛМАТЫ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін сағат 17 -де Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Караван" газетінің меншік иесі - "Алма-Медиа" баспа үйіне қатысты басылымды шығаруды тоқтата тұру туралы Бостандық аудандық прокуратурасының шағымы бойынша бірінші сот мәжілісі өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне "Алма-Медиа" баспа үйінің заң жөніндегі аға кеңесшісі Светлана Шамычкова хабарлады.

  • 30 Мамыр 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

Осы орайда еске сала кетсек, прокуратура 2007-жылдың 24-мамырынан бастап газетті шығаруды үш айға тоқтата тұруды талап етуде. «Бірақ сот өтініш берілген күні тыйым шарасын қолданып, газетті шығаруға іс жүзінде 24-мамырдан бастап тыйым салды»,- деді кеңесші. Ал соттың газетті шығаруды тоқтата тұру жөніндегі анықтамасында себеп көрсетілмеген, азаматтық іс бойынша бір тарап ретінде газет сотқа шақырылмаған.

Сонымен бірге, соттан ешбір хабарландыру хат, ескерту қағазы немесе шақыру, Бостандық аудандық прокуратурасының шағым талабының мәні туралы ақпар берілген жоқ. Анықтамаға 24-мамырда қол қойылған және газеттің кезекті саны шығардан бір күн бұрын шығарылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті