Бүгін Алматыда «Қазақстан Аруы-2011» байқауының ақтық сыны өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Алматыда «Қазақстан Аруы-2011» байқауының ақтық сыны өтеді

Бүгін Алматыда «Қазақстан Аруы-2011» байқауының ақтық сыны өтеді

Бүгін Алматыда кешкісін Intercontinental қонақ үйінде «Қазақстан Аруы-2011» байқауының ақтық сыны өтеді.

  • 6 Желтоқсан 2011
  • 599
Фото - Caravan.kz

Жеңімпазға сұлулық тәжімен қатар, тұңғыш рет байқау тарихында 37 гауһар тастан тұратын алқа сыйға тартылатын болады. Ол алқаны Mary Kay компаниясы ұсынып отыр. Сондай-ақ, «Әлем Аруы-2012» байқауына Қазақстанның атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, ең сұлу қыздар арасындағы сұлулық ханшайымы тәжіне күрес 1 мамырда басталды. Сол уақыт аралығынан әр өңір өз аруын анықтады. Байқауларға жалпы саны 300-ге жуық қыздар қатысты. Бүгін ақтық сынға аймақ жеңімпаздары атанған он алты қаланың 16 аруы қатысады. Сында «Азиада», «Mary Kay», «NUR KZ» және «Караван» арулары бақтарын сынайды.

Ақтық сынға шыққан Арулар Jado-дан ұлттық киімдері мен Mary Kay-дің кешкі көйлектерімен сахнаға шығады.

«Барлық қатысушылар — Қазақстанның ең сұлу қыздары. Сондықтан, әрқайсысы ханшайым атағы мен гауһар алқаға лайықты. Аруларға армандарыңызға сеніңіздер, ол міндетті түрде орындалады дегім келеді»,-дейді «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының Бас директоры Константин Кулинич.

Байқау 31 телеарна арқылы тікелей эфирден көрсетілетін болады.

Перейти к новостям спорта