Бүгін Алматыдағы әлем біріншілігінде Майя Манеза мен Жазира Жаппарқұл сынға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Алматыдағы әлем біріншілігінде Майя Манеза мен Жазира Жаппарқұл сынға түседі

Бүгін Алматыдағы әлем біріншілігінде Майя Манеза мен Жазира Жаппарқұл сынға түседі

Алматыда ауыр атлетикадан дүбірлі дода жалғасып жатыр.

  • 14 Қараша 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz

Бүгін, яғни қарашаның 14-і күні түскі сағат 16:00-де 69 келі салмақ санатында «А» тобында шаршы алаңға Олимпиада чемпионы Майя Манеза мен Жастар арасында Әлем чемпионы атанған Жазира Жаппарқұл шығады.

Кешкі 19:00-де 94 келі салмақ санатында «А» тобында қазақстандық Седов Владимир күшін сынамақ.

Сондай-ақ кешкі 21:00-де 75 келі салмақ санатында «С» тобының зілтемірші нәзік жандылары ең үздікті анықтайды.

Тепсе темір үзетін ерлер арасындағы дода таңғы сағат 9:00-де басталады.

Жанкүйерлер 105 келі салмақ санатындағы «Д» тобының, 11:00-де 105 келі «С» тобының спортшыларының мүмкіндігін бақылайды.

Түскі 14:00-де 94 келі салмақ санатында «В» тобының ерлері жарыстың көрігін қыздырады.

Әлемнің кіл мықтылары бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде қазақстандықтар намысқа тырысып бағуда. Кеше қазақстандық спортшы 63 келі салмақ санатында өнер көрсеткен Карина Горичева 246 (113+133) ұпаймен жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтаса, жұлқа көтеруде 113 келіні бағындырып, күміс жүлдені иеленді. Қарашаның 12-сінде Гүлназ Наурызова 63 келіге дейінгі салмақ санатында «С» тобында екінші орынға тұрақтады. Қоссайыстың нәтижесінде қазақстандық спортшы 196 ұпайды иеленді (91+105). Ал 77 келіге дейін салмақ санаты бойынша өнер көрсеткен ауыр атлет Кирилл Павлов қоссайыста 352 ұпай жинап, өз тобында төртінші орынды місе тұтты.

Бұған дейін Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло әлем чемпионы аталып, өзінің серпе көтерудегі рекордын жаңартқан болатын. Ал ерлер арасында өнер көрсеткен 18 жасар Альберт Линдер 10-шы орынға тұрақтады.


Сайыстың алғашқы күні жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.

Еске сала кетейік, байрақты бәсекеде 72 елден 538 спортшы бақтарын сынауда. Оның 315-і ерлер болса, 223-і әйелдер. Әйелдер жеті салмақ дәрежесі бойынша (48, 53, 58, 63, 69, 75, +75 келі) сынға түссе, ерлер сегіз салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105) жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құрамда қатысып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера