Бүгін Астана қаласында Е.Кончаловскийдің «А-ға оралу» фильмі тегін көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астана қаласында Е.Кончаловскийдің «А-ға оралу» фильмі тегін көрсетіледі

Бүгін Астана қаласында Е.Кончаловскийдің «А-ға оралу» фильмі тегін көрсетіледі

Бүгін Астана қаласындағы қазақстандық фильмдердің онкүндігі аясында Егор Кончаловскийдің «А-ға оралу» фильмі тегін көрсетіледі.

  • 14 Желтоқсан 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

Бұл Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның 3D үлгісінде түсірген алғашқы қазақстандық фильм болып табылады.

Картина көрінісі біздің күндерімізде болады. Ресей және Қазақстанның телевизиялық қызметкерлерінің жас, креативті тобы «Александр Македонскийдің жолдарымен» деректі фильмін түсіру үшін Алматыдан Ауғанстанға жол тартады. Бұрынғы жауынгер-интернационалист, Ауғанстанда соғысып, сол жерде аяғынан айырылған Марат Аюмов оларды алып жүріп, қорғау үшін бірге барады. Ол парсы тілін жақсы меңгерген, жергілікті дәстүрлерді, салттарды, ауғандық «заңдарды» біледі. Жүргізушінің қателігінен топ басқа жерге барып, қарапайым жұмыс сапары қауіпті оқиғаға айналады. Жас адамдарды тек қана ғажап сәттілік және олардың жолсерігі құтқара алады…

Астанадағы қазақстандық фильмдердің онкүндігі 15 желтоқсан күні режиссер Рүстем Әбдірашевтың ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірген «Балалық шағымның аспаны» картинасымен аяқталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанадағы киноонкүндік ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында өтіп жатыр. 10 күннің ішінде астаналық көрермендер назарына қазақстандық киножаңалықтар ұсынылды. Олардың арасында «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Жерұйық», басты рөлде француз актері Жерар Депардье ойнаған «Күтпеген махаббат», «Алқызыл қоян туралы аңыз», «Жоюшы» және басқа фильмдер бар.

Перейти к новостям спорта