Шараға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Қ.Кемеңгер, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының директоры Б. Оразалиев және ҚР Ұлттық мұражайының ғылыми қызметкерлері қатысады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.
«Астана: өткені мен бүгіні» кітабы қаланың өткен тарихы мен қазірге дейінгі кезеңді қамтыйды. Қалың оқырманға жол тартатын еңбекте мұрағаттық және жазба материалдар, фальклорлық дереккөздер, М.Әбсеметов, Н.Ж.Ағыбаев, Г.Алпысбаева, К.Әмірова сынды қазақстандық өлкетанушылардың материалдары қолданылған.
Кітап Астана қаласының кешегісі мен бүгініне қызығатын кез келген оқырман қауымға арналған.