Бүгін Астанада бокстан әйелдер арасында II халықаралық турнир басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астанада бокстан әйелдер арасында II халықаралық турнир басталады

Бүгін Астанада бокстан әйелдер арасында II халықаралық турнир басталады

Бүгін елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде бокстан әйелдер арасында II халықаралық турнир басталады.

  • 13 Қыркүйек 2011
  • 549
Фото - Caravan.kz

Аталмыш додаға Әлем чемпионы (Бразилия), Еуропа чемпионы және Әлем чемпионатының финалисі (Ресей), Азия біріншілігінің жеңімпаздары қатысуға ниет білдірген. Жалпы 13-17 қыркүйек аралығында өтетін турнирде әлемнің 14 елінен келген 94 былғары қолғап шебері шеберлік байқасады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 13-15 қыркүйек аралығында алдын ала кездесулер өтеді. Ал 16 қыркүйекте жартылай финалдық жекпе-жектер, 17 қыркүйекте ақтық сын кездесулері болады.

Қазақстан бұл турнирде әйелдер ұлттық құрамасының екі құрамын да ұсынып отыр. Бұл күндері шаршы алаңға ел намысын қорғауға — Назым Қызайбай (48 кг), Дина Елубаева (48 кг), Алина Тұрлыбаева (48 кг), Назым Төлеуова (51 кг), Рано Пархатова (51 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Әлия Жәркенова (51 кг), Гүлжан Әкімова (54 кг), Дина Жоламан (51 кг), Нүрия Ғарифулина (57 кг), Оксана Королева (57 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Әлия Әбдірайымова (60 кг), Гүлжайна Үббіниязова (60 кг), Зура Құсайынова (60 кг), Саида Хасенова (60 кг), Мөлдір Базарбаева (75 кг), Дариға Шәкімова (75 кг), Марина Вольнова (75 кг), Юлдуз Маматқұлова (75 кг), Ляззат Күнгенбаева (+81 кг) шығады.

Бүгін «Дәулет» спорт кешенінде 14.30-да турнирдің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты, ал 15.00 сағатта ашылу салтанаты болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера